11 тамызда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Абай күніне орай, филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, ғалым, Абайтанушы, жазушы, аудармашы Омар Жәлелұлымен «Білімдіден шыққан сөз» атты тарихи танымдық кеш өтті.
Тарихи-танымдық кештің мақсаты- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен көпшілік оқырманды жіті таныстыру. Ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттай отырып, көпшілікке белгілі Абайтанушы Омар Жәлелұлының ғұлама жайлы тың ізденістері бойынша мол мағлұматтар алу болатын. Сондықтанда «Білімдіден шыққан сөз...» деп ақынның өлең тармағымен аталған тарихи танымдық кеш барысында, «Абайдың тарихи мұралары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеш қонақтарына ақынның кітаптарі мен ақын туралы ізденісте жүрген Абай танушылардың жинақтары таныстырылды. Сонымен қатар, Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығы , оның пәлсапасы хақында кештің басты қонағымен сыр сұхбат құрылып, оқырмандардың көкейдегі сұрақтарына жауаптар қарастырылып, кеш соңы қызу талқыға ұласты.
Аталмыш шараға, кітапхана оқырамандары, тарихи-танымдық кеш қонақтары, аулы шараға БАҚ өкілдері мен 70 ке тарта адам қатысты.
Ә.Адайхан
С. Сейфуллин атындағы
Алматы Облыстық кітапханасы


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді