Ресей басқыншылары басып алған аумақтарында «референдумды» жеделдету арқылы әр үйге барып дауыс жинау арқылы оккупациялаған аумақтағы Украйн бейбіт тұрғындарын үркітіп-қорқыту тіпті жазалау арқылы Украинаның оккупацияланған аумақтарын аннексиялауға қатысты жалған референдумға дайындықты жеделдете алады деп сараптайды Америкалық соғыты зерттеу институты.
Атап айтқанда, украин халқының қарсылығы басқыншылардың «референдум» өткізу жоспарларын үнемі өзгертуге мәжбүр етеді. Сондай-ақ, украиндық әскерилердің қарсы шабуылы басқыншылардың жоспарларына әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Мелитополь қаласының мэрі Иван Федоров Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы топпен үйлерді аралап, жалған референдум өткізуді жоспарлап жатқандары туралы айтқан.
Сондай-ақ, «Үйде дауыс беру партизандық шабуыл жасау мүмкіндігін шектейді. Кремль күтілетін жергілікті қолдауға, партизандық шабуылдардың болжамды қаупіне және бюрократиялық нұсқаларға байланысты әртүрлі елді мекендерде дауыс берудің әртүрлі түрлерін ұйымдастыруы мүмкін», деген болжам айтып отырған ISW «ресейліктер референдум сауалдамалары арқылы оккупацияланған аумақтардағы украиндық оппозицияны жою үшін барлау жұмыстарына айналдыра алады» дейді.
Ресей 11 қыркүйекте Херсон мен Запорожье облыстарын өзіне қосып алуға бағытталған референдум өткермек деп болжанған.
Осыған орай Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның оңтүстігінде жалған референдум өткізетін болса, келісссөздің болмайтынын айтты.
Ресей бұған дейін референдум арқылы Қырымды өздеріне қосып алған болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы