"Қазфосфат" минерал тыңайтқыш зауытының жетекшісіне қатысты 697 млн теңге жымқырды деген күдікпен іс қозғалған. Бұл жөнінде Қазақстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.
Қылмыстық істі 13 шілдеде Жамбыл облысының экономикалық тергеулер департаменті тіркеген. "Монополия қызметі" бабы бойынша тергеу аймақтық бәсекені қорғау және дамыту департаментінің қорытындысы негізінде басталған. Бұл тралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Осының алдында қаржы мониторинг агенттігі "аммофосты" қымбатқа сату арқылы "заңсыз табыс тауып", "монополия жағдайын асыра пайдалану" фактісі тіркелгенін мәлімдеген.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тыңайтқыш зауыты үлестес компанияға өнімінің едәуір бөлігін сатып, өз кезегінде ол оны 30 пайызға қымбаттатып сатқанын айтқан.
"Қазфосфат" зауытын мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов басқарады.
Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен айырылған. Нұрлан Нығматулин 1 ақпанда мәжіліс спикері қызметінен кетті.
Бірнеше күн бұрын "Қазфосфат" зауытында апат болып, Тараз қаласын көк түтін басқаны хабарланды. Тұрғындар тыныс алудың қиындағанына шағымданды.
Экология министрлігі бастапқыда фторсутек қалыпты нормадан екі-үш есеге артты, аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газының артық мөлшері анықталмады деп хабарлаған.
Кейін ластаушы заттардың артық мөлшері анықталмады деп мәлімдеген. Жамбыл облысының әкімдігі "тұрғындар денсаулығына қауіп жоғын" айтты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді