Зеленсикй ақпанда Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтыны туралы АҚШ барлау қызметінің мәліметтерін елемеген. Бұндай мәлімдемені АҚШ президенті Жо Байден Лос-Анджелестегі Демократтардың кезекті іс шарасында ортаға салды.
Аталмыш шарадағы сөзінде Байден Құрама Штаттардың Украинаға әскери көмек беруінің маңызы туралы түсіндірді. Ол Украинадағы соғысты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен қақтығыс деп бағалады.
"Көптеген адам мені асыра айтып отыр деп ойлауы мүмкін. Мұны мен білемін. Бізде Путиннің Украинаға шабуыл жасайтыны туралы күмәнсіз деректер болды. Алайда, сол кезде бұл мәліметтерге Зеленский құлақ аспады", – деді президент Байдан.
Құрама Штаттар Украинаға көлемді әскери көмек беруді жалғастыруда. Дегенмен, Ресеймен мәміленің түбегейлі бұзылуынан алаңдайтын ел азаматтары мен саясаткерлер арасында Уркианаға әскери көмек беруді қолдамайтындар да бар. Байден әкімшілігі қазір әскери көмек берудің маңызы туралы түсіндіруге тырысып жатыр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес