Израиль қарулы күштерінің жоғары қолбасшысы мәлімдеме жасап, Ливандағы Хизбуллах күштеріне тиесілі делінген әскери мақсаттағы нысандарды анықталғанын, келесі соққылар осы нысандарға бағытталатынын айтты.
Израиль Бас штаб басшысы Авив Кочави Ливандағы Хизбуллах күштеріне бағытталған келесі соққылар олардың зымыран және зымыран қондырғыларын жоюды басты мақсат ететінін білдірген. Ол аталмыш діни қозғалысқа тиесілі командалық штабтар ғимараттары, зымырандар, ұшыру қондырғыларын қамтыған көптеген нысана шабуыл жоспарына кіргенін айтты.
Хизбулла Ливандағы Иран қолдауындағы ықпалды ислам ұймы. Аталмыш ұйым елдің оңтүстік шекара аймағын өз бақылауында ұстайды.2013 жылдан бері Хизбулла ұйымына қарсы Израиль ауық-ауық әскери операцияларды жүзеге асырып келеді, дегенмен тараптар ортасында ауқымды қақтығыс бола қойған жоқ.
Осыдан бұрын Хизбулла ұйымының өкілі Хасан Насролла Грекияға қарсы мәлімдеме жасап, Ливан мен Израильның теңіздегі даулы территориясында еврей мемлекетімен келісе отырып газ барлау жұмысын жүргізгенін айтыптаған болатын.
Израиль өзімен шекаралас Ливан және Сирия секілді елдердегі Иран қолдауындағы ұйымдарға барынша сақтықпен мәміле жасайды. Жақында ғана еврей әуе күштері Дамаск әуежайына зымыран соққысын беріп, ондағы халықаралық рейстер де тоқтап қалғна болатын. Дамаскке қойылған ресейлік әуе қорғаныс жүйесі Израиль змыранын тоқтата алған жоқ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр