Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы Идлиб қаласының оңтүстігіндегі Хан Шейхун аймағында химиялық қару қолданылғаны туралы хабарларды тексеру үшін құрған мамандар тобының мәліметтерімен бөлісті. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Мамандар тобы жинаған айғақтардың лабораториялардағы тексеруден кейінгі қорытындылары құрбандардың сарин немесе саринге ұқсас газдардан қайтыс болғанын көрсетеді деп отыр.
Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының бас директоры Ахмет Үзүмджү ұйымның атқару кеңесінде екі бөлек лабораториядан келген анализдердің қорытындыларын түсіндірді.
Асад билігі жасаған Идлибтің Хан Шейхун аймағына 4 сәуір күнгі химиялық шабуылда 100-ден астам адам (көбі балалар) қаза тауып, 500-ден астам адам газдан зардап шеккен болатын.
Бұны Асад билігімен Ресей тарап АҚШ қолдауындағы террористер ұйымдастырды деуден танбай келеді.
"The Qazaq Times"


















Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні