Израильдің қарулы күштері «әл-Жазира» тілшісін атып өлтірді. Бұл туралы аталған ірі ақпарат агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарына қарағанда Израиль әскерлерінің Батыс жиектегі арнайы рейді кейінде «әл-Жазира» агенттінің танымал журналисі Ширин Абу Акле оққа ұшқан. Ол Израиль әскерлерінің солтүстіктегі окупацияланған Жанин аймағындағы таңғы рейді жөнінде хабар түсіруге барған. Үстінде «Press» жазуы жазылған арнайы киімі де болған.
«әл-Жазира» агенттігі бұл оқиғаны Израиль әскерлері жағынан қаса-қана жасалған деп мәлімдеді. Катар ресмилері болса бұл кісі өлімі бойынша Израильді айыптап, «мемлекеттік терроризм» деп бағалады.
Ал, BBC хабарында Израиль тарабы арнайы тергеу жүргізуді ұсыныс етіп жатқаны айтылған. Ресми мәлімдемеде Израиль Ширин Абу Акле палестиналық қарулылардың қолынан қаза тапқан болуы да мүмкін дегенді айтады, себебі сол кезде Израиль әскерлері өздеріне қарсы оқ жаудырған Палестин күштерімен атысып жатқанын алға тартады.
Мұрат Алтынай

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті