Ресей Грузия маңындағы әскерлерін Украинаға жеткізуде. Бұндай мәліметті АҚШ Қорғаныс департаменті лауазымдылары барлау деректеріне сілтеме жасай отырып таратты.
Ақпарат құралдарына аталған мәліметті жеткізген Пентагонның жоғары лауазымдысы өзінің аты-жөнін көрсетпеген. Оның дерегінде жеткізілген әсер саны мен нақты қай жерден (Оңтүстік Осетия әлде Абхазия) екені анық көрсетілмеген. Тек Грузия маңындағы әскери күштердің бір бөлігі екені, әскер саны Пентагонда нақты мәліметтің жоқ екені айтылған.
АҚШ жоғары әскери шенділері мәлімдемесінде Ресейдің Украина жеріне шабуыл жасап жатқан әсерлері Киевте құрлықтық әскери операцияларды азайтып, әуе шабуылдарын соның ішінде зымыран шабуылдарын көбейтіп жатқанын айтады.
Осы апта Беларуссияны да қамтыған Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды Түркияда жалғасады. Сарапшылар келіссөзде басымдыққа ие болу үшін Ресей әскери күштері шабуылдарды күшейтуі мүмкін екенін айтады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел