Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау округіне қарасты, Қызыл-Қайрат ауылында 20-наурызы түгел түркі тойлайтын әз наурызды аталмыш ауылдың шет жағына орналасқан "Келешек" шағын ауданы, Н. Қожабекова атындағы көше тұрғындары айрықша атап өтті.

Күн мен түннің теңесетін табиғаттың ұлық мерекесінде Қызыл-Қайрат ауылындағы Нәсілхан Қожабекова атындағы көше мен Келешек жаңа микро районының тұрғындары дайындалған. Нәсілқан Қожабекова өткен ғасырда өмір сүрген ана. Ауылдың өркендеуіне айырықша үлес қосқан.

Бүгінгі наурыз тойына Н.Қожабекованың ұрпақтары мен ауыл тұрғындар жиыны 4 киіз үй, 2 үлкен шатыр тігіп өткізілген кішкентай ауылдың үлкен мерекесі ауарайының қолайсыздығына қарамастан дүркіреп өтті. Қар аралас жаңбыр жауып жер лайсаң болса да, көкпар тартатын жігіттер де табылды. Қол күресі мен арқан тартыс, қаппен секіру, қазақша күрес секілді ұлттық тойға келген қауымды желпіндірді.

Алатау округінің әкімі Азамат Сейітов, (Фото: Н. Байтұрсын)

Балалар да, үлкендер де көженің дәмін татып, мәз мейрам болысты. Тұрғындардың шақыруымен арнайы ат басын тіреген Алатау округінің әкімі Азамат Сейітов құттықтау сөзін сөйлеп, тұрғындарға ризашылығын білдіріп, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру үшін осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ әкім: «Құрметі ауыл тұрғындары және қонақтары сіздерді бүгін жетіп келген мерекелеріңізбен құттықтаймын. Наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз ежелден, неше ғасыр тарихы бар ұлы мереке. Жалғыз қазақ елінің ғана емес бүткіл түркі елінің, шығыс елдерінің мерекесі болып саналада. Наурыз дегеніміз жаңару, береке, бірліктің мерекесі. Бәріңізді осы жаңа Қазақстанда жаңа жылмен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осы келіп жеткен наурызымыз құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тек қана жақсы күндерде берекелі күндерде көрісуге Алла тағалла нәсіп етсін. Наурыз құтты босын, ақ сол болсын, ұлыс құтты болсын.» деген ақдарма тілегін айтты.
Одан ары қарай ауыл тұрғындарының қуанышты тойын құттықтай келген академик әл-Фараби атныдағы қазақ ұлттық университетінің профессоры Нұрпейісов Талдыбек сөз алды.

Талдыбек Нұрпейісов, әл-Фараби атныдағы қазақ ұлттық университетінің профессоры

Әуелі алқалы жұртқа амандық тілеп, мерекесімен құттықтаған Нұрпейісов: «осы ауылда Қожабекова апамыздың атына көше берілген, осы көшеде болып жатқан тойға үлкен бір тартумен келіп отырмын. Менің әкем академик Кеңес Нұрпейісұлы өмірден озғанынша осы апамызды аузынан тастамай өтті. Бұл қазақ халқының ең бір батыр аналарының алдыңғы көшін бастап жүретін ана еді» деп айрықша еске алды. Ауыл ақсақалдарымен ел ағаларының ақ батасынан кейін ары қарай өнерпаз жастардың музкалық тартуы жұрт көңілін көтеріп тойдың тарқауы көпке созылды.

Жолы да, суы да, жарығы да жүйелі жөнделе қоймаған осы шағын ауылға қоныс тепкен тұрғындар алда бәрі шешілетініне, жаңа қазақстанда жаңаша өмір сүретініне сенімді.

 

Наурыз той ән-күймен басталды

Ақ әжелер шашу шашты

Ауыл ақсақалы бата берді

Қазақы көрісу рәсімі жасалды

Тойға жиналған жұрт

Тойшыл қауым

Ауыл көкпаршылары

Қаппен жарыс

Гір көтеруден жарыс

Арқан тартыс

Бала балуандар күресі

ән шашу

Думаншыл жұрт

Ауылдағы өнер мектебінің шәкірттері

Алматы обл. Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы.

Байтұрсын Н.