Қытай Әскери-әуе күштеріне тиесілі Y-8 деп аталатын сүңгуір кемелерге қарсы арнайы ұшағы Оңтүстік Қытай теңізіне құлаған. Қытай жағы әскери жаттығу деген атпен іздестіру-құтқару әрекеттерін өткізген.

Аталған мәлімет алдымен Тайуан (Тайвань) ресмилері жағынан айтылды. Бейсенбі күін (10 наурыз) Тайуанның заң шығарушылары алдында есеп берген Ұлттық қауіпсіздік бюросының жетекшісі Чын Миңтоң осындай мәліметті растады. Тайуанның жоғар билік органы Ресей мен Украина соғысы кезінде Тайуан бұғазының жалпы жағдайын бағалау үшін Ұлттық қауіпсіздік бюросының жетекшсін арнайы есеп беруге шақырған болатын. Бұл тыңдалымға елдің қорғаныс министрі, СІМ жетекшісі және Шетелдегі Қытай комитетінің директоры да шақырылған.

Есеп беруден кейін Вьетнамдық әскери басылым «Дуан Данг» өзінің «Твиттер» парақшасына хабар таратты. Онда Y-8 арнайы ұшағы 1 наурыз түстен кейін Қытайдың Хайнан аралындағы Санья қаласының оңтүстік-батысындағы суға құлағаны, Қытай Халық-Азаттық армиясы сол күні күтпеген жерден аталған теңіз айдынында ұшуға тыйым салып, 2 наурызға дейін әскери жаттығу өткізетінін мәлімдегені айтылады.

Баслым мәліметінше, Қытай тарабының бұл әрекетіне Вьетнам СІМ тарабы наразылық нотасын да жолдаған. Алайда, Қытай Сыртық істер министрі наразылық нотасын қабылдамаған, әрі «өз босағасында» қауіпсіздік талаптарына байланысты «орынды, айыпталмайтын әрекет» етіп отырғанын мәлімдеген.

The Qazaq Times