Еуропа Одағы Ресейге қарсы жаңа санкцияны бекітті. Бұл санкция Ресейдің бірқатар теңіз өнеркәсібіне және кейбір лауазымды тұлғалары мен олигархтарына бағытталған. ЕО қабылдаған жаңа санкцияда Беларусь те қамтылған, айталық, үш бірдей ірі банкы SWIFT жүйесінен шығарылғаны мәлім болды.
ЕО тарабынан жаңа санкцияның қабылданғаны туралы ең алғашқы мәлімет Франция үкіметінің ресми парақшаларында жарияланды. Санкция Еуропа Одағының ресми басылымдарына жарияланғаннан кейін толықатай күшіне енетін болады.
Санкцияда Украинаға шабуылға қатысты ресми тұлғалар, олардың отбасы мүшелерінің, бірқатар олигархтардың есепшоттары бұғатталған, сондай-ақ, ЕО елдеріне кіруге шектеу қойылады.
Дегенмен, Еуропа Одағы бұл реткі шешімінде криптовалютаны Ресейге қарсы санкцияларға қолдануға шектеу қойды.
Бұл Ресейдің Украинаға шабуылына жауап ретінде Еуропа Одағы шығарған үшінші санкция пакеті. Санкциялар Ресейдің қаржы, энергетика, технология және импорт-экспорт салаларын, жеке тұлғаларын да қамтиды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы