Бүгінгі атаулы күн, 8 наурыз әйелдер мерекесі әр жылғы мерейлі мерекелердің бастауы, көктемгі көңіл күйдің оттығы. Бірі анасына, бірі әжесін, енді бірі әпке-қарындастарына, сүйген жарына, жанашыр жақындарына құшақ-құшақ гүл көтеріп, олардың өмірдегі өскелең орынын әспеттейтін, махаббат пен ізгілік нұры шуақ шашатын күн!
Халқымыз үшін де, әрбір азамат үшін де ананың, асыл жардың, әпке-қарындастардың, ақеділ жеңгелердің – барша әйелдер қауымының орыны айрықша. Олар – әлемнің жарық шуағы, жылы мейірімі, бейбітшілік пен тыныштықтың нәзік қуаты. Бүгінгі мерекенің маңызы әйелдердің отбасынан тартып әлемдегі айырбасталмайтын маңызды рөліне, қоғам мен отбасындағы әйел құқығына көңіл аудартумен ерекшеленеді.
Осы орайда," The Qazaq Times" ақпарат агенттігінің атынан еліміздегі және күллі әлемдегі әйелдер қауымын мерейлі мерекесімен құттықтаймыз! Аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың, аяулы жар, ақ көңіл жеңгелеріміздің – барша нәзік жанды әйелдер қауымын шын жүректен құттықтаймыз! Әр күндері мерекедей мерейге, өмірі шуақты нұрға шома берсін!


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау