Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындары ісі жөніндегі Жоғары комиссия 24 ақпаннан бері Украинадан шыққан босқындардың саны туралы мәліметтерін жариялады. Қауымдастықтың түрлі ақпарат көздерінен алған мәліметтеріне қарағанда, қазірге дейін Украинадан 1 миллион 368 мың 864 адам шығып кеткен, оның жартысынан көбі Польша шекарасынан өткен. 

БҰҰ мәліметіне сай Украинадан өзге елдерге кірген босқындары саны:

Польшаға – 756303 адам,

Венгрияға 157004,

Молдоваға 103254,

Словакияға 101529,

Румынияға 63192,

Ресейге 53300,

Беларусь 406,

Басқа Еуропа елдеріне 133876 адам шыққан.

Бұл сандарға қосымша Донецк және Луганск аймақтарынан 18-23 ақпан аралығында 96 мың адамның Ресейге өткені де айтылған.

БҰҰ есебінше Украинада соғыс жалғаса беретін болса, онда босқындан саны 4 миллионнан асуы мүмкін.

The Qazaq Times