Ресей рублі құнын жоғалтты. Бүгін, ақпанның соңғы күні, валюта саудасы басталысымен Ресей рублі болып көрмеген деңгейде құнын жоғалтып, 1 евро – 130 рубльмен басталды.
Рубльдің евро мен АҚШ долларына қарата құны 40 пайыздан астам арзандағаны байқалды. Ресей ұлттық валютасының құлауына Батыс елдерінің Ресей Орталық банкін қамтыған бірқатар ірі банктерінің халықаралық резервтерін мұздатуы себеп болды. Кей болжамдарда 1 Америка доллары шамамен 150-153 рубль аралығында сатылуы мүмкін делінеді.
Ресейдің Украинадағы шабуылдары жалғасып жатыр. Кеше қорғаныс министрі Шойгу және Бас штаб басшысы Валерий Герасимовпен кездесу кезінде РФ президенті Владимир Путин ядролық қаруларды соғыс жағдайына дайындау туралы тапсырма берді. Кейбір сарапшылар бұны Ресейдің Батыс елдеріне қарата үркіту-қорқыту әрекеті қатарлы бағалап жатыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы