БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей Солтүстік Кореяға байланысты АҚШ-тың өтінішіне вето қойды.
Осылайша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяны ядролық зымырандар ұшырғаны үшін кінәлі деп тауып, енді зымырандарын сынақтан өткізетін болса, қатаң шара қолданамыз деген құжаты қабылданусыз қалды.
Ресей өзінің бұл ветосын құжаттағы «қатаң шара қолданамыз» сөзімен келіспейтіндігімен түсіндірген. РФ оның орынына Солтүстік Корея мәселесін «келіссөздер арқылы шешеміз» деген сөзге өзгертілуі керектігін айтқан.
БҰҰ-дағы өзге елдердің дипломаттары Ресейден бұндай шешімнің күтпегенін айтқан. Тіпті Пхеньянның жақтасы Қытайдың өзі бұл құжатты қабылдауға қарсы болмаған.
«The Qazaq Times»


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы