19 желтоқсанда Самарқанд облысы Ақдария ауданындағы "Лазат" асханасында газ жарылып, 10 адам жарақат алды. Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Мекеме мәліметіне қарағанда, асхананың тамақ жасау бөлмесіндегі пропан құйылған екі баллонның біреуі жарылған. Ол жерде асханада тамақтанып жатқан адамдар болған.
Жарылыстан он адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұдан бөлек асхананың 40 шаршы метрге жуық алаңы мен жиһазы өртенген.
Бұл бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел