АҚШ 2022 жылы Қытайдың орталық қаласында өткелі тұрған Қысқы Олимпиада – 2022-ге дипломатиялық байкот жариялады. Қытайдағы адам құқығы мәселесіне алаңдаушылық білдірген Ақ үй аталмыш спорт додасына ресми делегация жібермейтінін жеткізді.
Дипломатялық байкот бойынша АҚШ тарабынан спорт шарасына тек ресми делегация жіберілмейді, ал спортшылар ойынға қатыса алады және үкметтің толық қолдауына ие бола алады.
Бейжіңдегі Қысқы олипиада ойындарына дипломатиялық байкот жариялау мәселесі осыған дейін де көп рет айтылып келген. Бейжің байкот жарияланатын болса «қатаң жауап қайтаратынын» да мәлімдеген еді.
Дүйсенбі күні Ақ үй баспасөз қызметі дипломатиялық байкотты растап мәлімдеме жасағаннан кейін Қытайдың Уашингтондағы елшілігі мәлімдеме жасап: «Бұл шешім Олимпиадалық хартия мағынасының айтарлықтай бұрмалау», – деп бағалады.
Соңғы күндері Қытайдың ресмилері АҚШ-тың дипломатиялық байкот жариялауын Қытай тарабы «мағынасыз әрекет» деп келген еді. Осының өзі де Бейжіңнің дипломатиялық байкотты қаламайтынын көрсеткендей болды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны