АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон мәлімдемесінде, Иранмен қол қойылған ядролық келісімде осыдан бұрынғы АҚШ-Солтүстік Корея арасындағы саяси қателіктер қайталануы мүмкін дегенді айтты. Бұл пікірі Трамп үкіметінің Иран мен Солтүстік Кореяға деген қатаң ұстанымын толық әйгілеп тұр. Бұл туралы танымал басылым «The Wall Street Journal» хабарлайды.
Тиллерсон сөзінде болашақта АҚШ үкіметі Иранның өңірдегі арандатушылығына жол бермес үшін жаңа санкция салуы мүмкін екенін де айта кетті. Қазір АҚШ үкіметінің 2015 жылғы Иран ядролық келісімінің тиімді-тиімсіздігін қайта қарауда. Сонымен бірге, Сол.Кореяны терроризмді қолдаушы елдер тізіміне енгізу енгізбеу туралы да анықтау алып баруды. Трамп үкіметі Солтүстік Кореядан кейін Иран ядролық бағдарламасы тежелмесе онда әлемге тағы бір ірі саяси жанжал алып келеді деп отыр.
АҚШ Конгресі Иран ядролық келісімінің толықтай кемелділігін растап отыр. Десе де, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Трамп үкіметі Иранға ұстанған саясатының қатаңдығын қайта-қайта көрсетуі түсініксіз. Егер, 2015 жылғы келісімді қайта жаңарту туралы сөз шығатын болса, белгілі әскери қуатқа және өңірдегі саяси салмаққа ие Иран сынды елдің қабылдай қоюы екіталай. Бұл Орта Шығыстағы үлкен саяси жанжалға алып келетін іс екені белгілі. Трамп үкіметінің өкілі ретінде Тиллерсонның білдіргісі келгені – Солтүстік Корея ауыздықталса одан кейінгі басты нысана Иран болады демекші.
The Qazaq Times

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр