Иран көп жылдан бері алғаш рет Біріккен Араб Әмірлігімен қарым-қатынасын жақсартатынын білдірді. Иран СІМ басшысының орынбасары Әли Бакири өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады.
Аталған мәлімдемеден бұрын Иран сыртқы істер министрінің орынбасары БАӘ президентінің дипломатия істер жөніндегі кеңесшісі Энвер Гаргаш және СІМ басшысы Халифа Шахин әл-Марармен кездесу өткізген болатын. Бакири Twitter парақшасында БАӘ-імен «екіжақты қарым-қатынастардың жаңа кезеңін бастауға келіскендерін» мәлімдеді.
Иранмен «тату көршілік қарым-қатынасты дамыту» бойынша тың жетістікке жеткенін Біріккен Араб Әмірліктері де ресми мәлімдемемен растады.