Өткен аптадағы телефон диалогында Қытай сыртқы істер министрі Уаң И Жапонияның жаңа СІМ басшысы Лин Фаңжыңды еліне сапарлай келуге шақырған. Бұл туралы Жапонияның жаңа сыртқы істер уәзірі жексенбі күні ақпарат құралдарына жария етті.
Жапонның «Киодо» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, сыртқы істер уәзірі Лин Фаңжың Қытайдың шақыруы туралы кеше, 21 қараша күні Fuji TV арнасына растаған. Ол Қытай сапары туралы әлі де шешім жасалмағанын және үйлестіру жұмыстары да басталмағанын атап өткен.
Осыдан сәл ғана бұрын АҚШ президенті Жо Байден Бейжің Қысқы Олипиада ойындарына «дипломатиялық байкод» жариялау үшін спорт шарасы кезінде жоғары лауазымды АҚШ шенеуніктерін Қытайға жібермейтінін мәлімдеген болатын. Жапония СІМ басшысы бұған қатысты пікірінде: «Мәселені біз Жапония мүддесі тұрғысынан қарастыратын боламыз», – деген.
Ал, Жапонияның сыртқы істер уәзірін Бейжіңге ресми сапармен шақыру туралы Қытай СІМі-і де ресми мәлімдеме арқылы растады. Анығында бұл күтпеген жағдай деуге болады. Жапонияның жаңа үкіметі құрылғаннан бері бірқатар елдің ақпарат құралдары адам құқығы және Тайуан мәселесі бойынша Жапония-Қытай арасында қарым-қатынастарда үлкен өзгерістер болады деп болжаған еді.
Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Лин Фаңжыңды Қытайға ресми сапармен шақыруды растай отырып: «Біз тарих, Тайуан секілді екі ел қарым-қатынастың саяси негізіне және сеніміне қатысты негізгі мәселелерде Жапония үкіметінің “шайқалмауын”, кері шегінбеуін немесе шекараны кесіп өтпеуін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз», – деген.
Бұған қоса Бейжің Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мен «Қытай-Жапония мәдениет және спорт алмасу жылын» «жағымды қоғамдық пікір мен әлеуметтік атмосфера құру» мүмкіндігі ретінде қарастыруын үміт ететінін жеткізген. Қарапайымдап айтқанда Бейжің жапон билігінен АҚШ-қа ортақ қадамдарға бармауын үміт етіп отыр.
Үнді және Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ пен Қытайдың стратегиялық әріптестік қатынасы барған сайын қызу тартыстарға, түрлі дипломатиялық, стратегиялық қадамдарға толы бола түсті. Аймақтағы жағдайға байланысты Қытай Жапонияны өзіне түбегейлі қарсылас етуді қаламайтыны анық. Ал, Токионың жаңа үкіметі Қытаймен байланысты қайта қарастыруға ниетті екенін танытып жатыр, бұл Бейжіңдің тіпті де тығырыққа тірей түсті.