Украина 23 ресейлік азаматқа санкция салды. Елдің Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің тамыз айындағы шешіміне президент Зеленский қол қойып бекітті.
3 жыл мерзімге салынған санкцияда 28 жеке тұлғаның аты бар, оның 23-і Ресей азаматы. Оларға Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірушілер ретінде көрсеткен.
Санкция Ресей күшпен аннекциялап алған Қырым мен сепаратистер бақылауындағы Донбас жеріндегі Ресей барлау қызыметкерлері, саудялар мен журналистерді қамтиды.