Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимиге шабуыл жасалды. Елдегі ресми ақпарат құралдары үкімет басшысының шабуылдан аман қалғанын мәлімдеді.
Ұшқышсыз ұшу құрылғысымен жасалған шабуыл премьер-министрдің Бағдаттағы дипломатиялық «жасыл аймаққа» орналасқан резиденциясына бағытталған. Ирак ақпарат құралдарының хабарынан кейін премьер-министр Казими өзінің «Твиттер» парақшасы арқылы мәлімдеме жасады.
«Мен аман-есенмін, отбасыммен біргемін. Баршаны тыныштықты қорғап, сабыр сақтауға шақырамын», – деген Казими әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.
Ирактағы шиит күштері мен саяси топтары 10 қазанда өткен сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп, Бағдаттағы «жасыл аймақ» маңында ереуілдерін әлі жалғастырып жатыр. Олардың қатарында Иран қолдау көрсетеді деп табылған «Фатх» колаициясы мен Хашти-Шабди жасақтары да бар.
Өткен жұмада (5 қараша) наразы топ пен қауіпсіздік күштері арасында жанжал болып, қауіпсіздік күштері тарабынан атылған оқтан бір демонстрант қаза тапқан еді. Бұдан кейін наразылық тіпті асқынып, шиит топтары жағынан премьер-министр Мұстафа әл-Казимиге бағытталған айыптаулар жиілеген.
Қазір Иракта шиит топтарының үкіметке қарсы наразылығы елді үлкен саяси дағдарысқа алып бара жатқаны байқалады.