Иран қарашаның соңына қарай ядролық келісімге қайта оралу бойынша келіссөзді бастайды. Бұл туралы ИИР сыртқы істер министрінің орынбасары Али Бакири мәлімдеді.
Бакири мәлімдемесінде, Иран тарабы 29 қарашада Австрияның орталық қаласы Венеда болатын ядролық келісім бойынша кеңейтілген келіссөзге барады. Бұл туралы ол Еуроодақтағы әріптесі Энрика Морамен телефон арқылы сөйлескен.
Иран СІМ басшысының орынбасары ай соңындағы келіссөзде АҚШ-тың Иранға бағытталған қатаң экономикалық санкцияларын алып тастау секілді ең өзекті мәселелер қарастырылатынын айтқан. Иранның жаңа үкіметі экономикалық даму мен қалыпты сауда қатынастарын қамтамасыз етету үшін еліне салынған экономикалық санкцияларды алып тастауға барынша күш салуда. Бұл бойынша ядролық келіссөздерді де қайта жандандырды.
Айта кетейік, Трамп тұсында Америка Құрама Штаттары 2015 жылы Иран және ядролық қаруға ие алты ел бірлесе қол қойған келісімнен біржақты шығып кетті және Иранға бағытталған қатаң экономикалық санкцияларды қалпына келтірді. Бұл Иран мен АҚШ қатынасының қайта ушығып, қатаң санкциялар Иранның экономикасын тұралатқан болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі