Бүгін Иран мен Еуропа Одағы арасында «ядролық келісімді» алға жылжыту бойынша келіссөздер Брюссельде өтеді. Келіссөз Иран СІМ басшысының орынбасары Али Бакири мен ЕО Сыртқы байланыстар қызметі бас хатшысының орынбасары Энрике Мора арасында болады.
Иран ядролық келісім бойынша Еуроодақ елдерімен келіссөздерін 14 қазанда бастаған болатын. Екі күн бұрын Иран СІМ тарабы мәлімдеме жасап «нәтижеге жету жолындағы» келесі келіссөз отырысына дайын екенін білдірген еді.
Өзінің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Бакири бүгінгі келіссөздің басты проблемасы – қарсы тарапты келісімді ең алдымен бұзған елдің (Құрама Штаттарды меңзеп отыр – QT) қолайсыз саясатынан бас тартуға көндіру екенін айтқан. «Нәтижесіз қысымдарды үдеткен ондай саясат келіссөздердің кедергісін жоюдың орнына, мәселені шиеленістіре түседі», – деген Али Бакири.
Энрике Мора бастап барған делегация Теһранда 14 қазан күні Али Бакири басқарған Иран делегациясымен келіссөз жүргізген еді. Иранның жаңа билігі өзіне салынған қатаң экономикалық санкцияларды жойып, сырт елдермен сауда экономикалық дамуға кепілдік алатын келіссөздерді жандандыруға ниетті екенін білдіріп келеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел