24 қазан, жексенбі күні Өзбекстанда тәуелсіздік тарихындағы алтыншы реткі президент сайлауы өтті. Шавкат Миризеев екінші рет президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметінде кезекті президент сайлауға сайлаушылардың 70 пайыздан астамы қатысқан және оннан астам шетелден сайлау учаскелері ашылған. Бұған қоса ӨОСК мен Бас Прокуратурасы дауыс беру бойынша заң бұзу әрекеттері тіркелмегенін мәлімдеген болатын.

Сайлауға тіркеуден өткен бес саяси партия өз үміткерлерін ұсынды. Олардың қатарында «Елдік-Демократия» партиясынан Максуда Ворисова, «Ұлттық жаралу» демократиялық партиясынан Алишер Кодиров, «Әділет» социал-демократтар партиясынан Бахром Абдухалимов және «Либерал-демократиялық» партиясынан Шавкат Мирзиеев бар.
Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Өзбекстандағы сайлау ешқандай да саяси өзгерістерге әсер етпейді, Мирзиеевтың басым дауыспен президент ретінде қалатынын айдан анық.
Ал, кезекті сайлауда Мирзиеев екінші рет өз талапкерлігін ұсынып отыр. Өзбекстан заңына сай бір адам екі мәрте президент сайлауына қатыса алады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы