Қазанның 22-23 күндері Тәжікстан жерінде ҰҚШҰ біріккен әскери жаттығу өткізетінін мәлімдеді. «Өзара әрекет» деп аталатын әскери оқу-жаттығулар Тәжікстандағы Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде өтеді.
ҰҚШҰ-ның Парламенттік ассамблеясы мәлімдегендей, жаттығудың мақсаты Орта Азияға кіріп келуі мүмкні қарлуы террорлық топтардың тәуекелдеріне тойтарыс беру. Кезекті жаттығуға Қазақстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения және Ресей депутаттары да бақылаушылық етеді.
Путиннің баспасөз өкілі Песков кешегі (13 қазан) мәлімдемесінде Ауғанстандағы жағдайды ескергенде мұндай әскери жаттығулар маңызды деп көрсетті.
Әрине, бұған дейін ҰҚШҰ-ына мүше елдердің басшыларының өзара диалогында Ауғанстан мәселесінің даму бағытын болжаудың қиындығы айтылып, қауіпсіздік жөніндегі ұйымның сақадай сай тұруы керек деп шешкен болатын.
Ең қызығы, кезекті жаттығуға ұйымға мүше бола тұра Қырғызстан әскерлері қатыспайды. Бұның алдында Қырғызстанда өткен әскери жаттығуға тәжік жауынгерлері де қатыспаған еді. Бұл екі ел арасындағы шекара қайшылығына байланысты өзара шектеудің нәтижесінен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті