Антикор таратқан ақпарат бойынша, ұлттық университеттің жерін заңсыз сатты деген күдікпен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкері, Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымы филиалының осы аудандағы тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшылары ұсталды.
Бүгін, 14 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, ұсталғандар 2018 жылы университетке тиесілі облыс аумағында орналасқан Кемертоғандағы 9 гектар жерді заңсыз сатты деген күдікке ілінген.
«Университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген және жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға қатысы бар адамдарға рәсімделіп, кейін өзгелерге сатылған.
Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру және жер телімін университет балансына «қайтару» мақсатында 2021 жылғы қаңтар айында құжатсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген» делінген ведомство хабарламасында.
Қазір күдіктілерге сот бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде шешім шығарған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қазақстанда ірі жер дауы жиі көтеріледі. Соны бірі, осыған дейін ҚазҰУ қалашығындағы шұрайлы жердің кемінде 0,7 гектар бөлігі Тимур Құлыбаев иелік ететін компаниялардың біріне берілуі қоғам назарын аударған. Әлі күнге дейін бұл жер университет меншігіне толық қайтарылмады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді