Өткен апта соңында АҚШ лауазымдылары мен «Талибан» жетекшілері жоғары деңгейдегі кездесу өткізді. Бұл кездесу АҚШ әскері Ауғанстаннан шегінгеніп, елдегі билікті тәліптер иелегеннен бергі алғашқы ресми кездесу саналады.
«Рейтер» хабарына қарағанда, кездесу Катар орталық қаласы Дохада өткен. АҚШ пен «Талибан» жетекшілері Ауғанстандағы террорлық, экстремистік топтардың бақылауға алынуы, лаңкестік шабуылдарға тойтарыс беру және шетел азаматтарының елден шығуына мүмкіндік беру мәселелерін талқыға салған.
Кездесудің маңызды мәні тәліптер мен америкалық лауазымдылар арасында Ауғанстандағы террорлық топтардың мәселесін талқылауында. Бұдан кейін Ауғанстан билігін алған тәліптердің елдегі террорлық топтармен қандай мәлміледе болатыны тіпті де айқын көрінбек. Сондай-ақ, бұл тәліптер құрған үкіметтің АҚШ жағынан ресми мойындалуына да ықпал етеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр