Алматы билігі оқу жылының басталуына және күн суығандықтан жұрт ғимараттарға көп жиналуына байланысты коронавирустың бесінші толқынына болжам жасады. Ресми болжамға қарағанда, күздің соңы-қыстың басы аурушаңдық артады, тәулігіне ковид жұққан 600-ден аса адам тіркелуі мүмкін.
«Аурушаңдық пессимистік тұрғыда қараша айының соңы мен желтоқсанның басы (600 - ден астам жағдай) кезінде өршиді» делінген ресми хабарламада.
Қазан айының соңына қарай күніне 350-550 аралығында сырқаттар анықталуы ықтимал. Эпидахуал қараша айының аяғында біршама қиындап, қалыпты күні 250, ал індет өршіген кезде 620 науқас тіркеледі. Күнтізбелік жаңа жыл қарсаңында, желтоқсан айының соңында тәулігіне орташа есеппен 150 адамнан, пессимистік жағдайда 350 адамнан ковид анықталуы мүмкін деседі.
Эпидкартада бірнеше айдан бері «қызыл аймақта» тұрған Алматы қаласында пандемия басталғалы 178 мыңнан аса адам ауырған, оның 3 мыңға жуығы қайтыс болған. Қазір республикада анықталған күнделікті есептің кемінде 22-25%-ы Алматы қаласына тиесілі болып отыр. Бүгінде 7 мың алматылық аурудан емделіп жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті