Сейсенбі күні АҚШ-тың қорғаныс министрлігіАлияска теңіз жағасында Алеутиянь топ аралдарының маңындағы (Aleutian Islands) халықаралық кеңістіктен Ресейдің бомбылаушы екі ұшағын қолға түсіргенін хабарлайды.
Ресейдің бұл екі ұшағы АҚШ территориясына кірмеген. Бұл 2015 жылдан бері Солтүстік Америка әуеден қорғану бас штабының тұңғыш рет Ресей ұшағын тізгіндеуі болып отыр.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі, подполконик Михайлл Балданза (Michelle Baldanza): «17 сәуір күні Россия-95 ‹аю› тұрпатты бомбылаушы ұшағын Алияскатеңіз жағалауындағы халықаралық кеңістіктен NORAD Америка-F-22 ‹жыртқыш құс› тұрпатты екі соғыс ұшағы тізгіндеді. Бұл қауіп-қатерсіз әрі ойдағыдай біткен іс болды. Екі жақтың ұшақтары бір-бірімен тілдескен жоқ. Алайда, ештеңе туылмады» деді.
Халықаралық жағдай ушығып тұрған бұл тұста Россия «аюы» Алияска аспанына адасып бармағаны белгілі, ал, онсыз да жау жоқ күні жарақтанып отырған Трамп үкіметіне бұл да бір жобаның басы болмасына кім кепіл?
Әділет Аxметұлы
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр