Иран президенті Ауғанстан жағдайына байланысты мәлімдеме жасады. Елдегі барлық топтарды келісімге шақыран ол «АҚШ-тың кетуі бейбіт Ауғанстан құрудың тарихи мүмкіндігі» екенін айтқан.
Иран президенті Ибрахим Райси СІМ жетекшісі Махмуд Жеват Зарифпен кездесіп Ауғанстан тақырыбын талқылаған. Кездесуде жасаған мәлімдемесінде президенті Райси Теһран билігі Ауғанстандағы жағдайды жіті қадағалап отырғанын айтты.
Иран Ауғанстанмен көршілік қарым-қатынас жасауға мүдделі екенін атап өткен үкімет басшысы: «АҚШ әскерінің жеңілуі және елден кеуті тұрақты әрі бейбіт Ауғанстан құруға тарихи мүмкіндік», – деген.
Ол сондай-ақ Иран тарабы Ауғанстандағы тұрақтылық үшін барынша қолдау көрсететінін, елдегі барлық топтарды келісімге шақыратынын жеткізді.