«Ауғанстан президенті көліктерге ақша толтырып қашып кетті». Бұндай мәліметтер сол елдегі Ресей елшілігінен тарады. Елшілік өкілі берген мәліметін РИА Жаңалықтары жариялады.
Ауғанстандағы Ресей елшілігінің өкілі Никита Нищенконың айтуынша президент Ғани елден қашу алдында 4 авто-көлік пен бір тікұшаққа толтыра ақша тиеп алып кеткен. Бұл мәліметті елшілілік өкілі оқиғаға куәгерлерінің сөзіне сілтеме жасап хабарлағандықтан ресми анықталмағанын да айта кету керек.
Ресейдің Ауғанстандағы елшісі Дмитри Жирнов жергілікті ақпарат құралдарына берген пікірінде «Талибан» тұсында Ауғанстандағы жағдай Ашраф Ғанидың тұсындағыдан әлде қайда жақсы болады» деген. Ресей елшісі бұл пікірді АҚШ-тың қадамын сынға алу мақсатында айтып отырғаны анық. Әрі, бұл екі ел қатынасы шиеленісіп тұрған кезде жасалған мәлімдеме.
Кеше түнде АҚШ әскерлері әужайда екі қарулы адамды атып өлтірді. Бұған қоса ұшаққа жармасқан үш адам құлап өлген. Бір сөзбен айтқанда Кабул әуежайы «Голивуд киноларының сюджеттеріне» толып кетті.
Қазір Ауғанстандағы жағдай әлі де тұрақтылыққа жете қойған жоқ. Кабулдағы халықаралық әуежайында АҚШ пен Түркия әскерлері тәртіпті қалпына келтіру үшін тырысып жатыр. Бірақ, массалық дүрбелеңді ретке келтіру қиынға соғуда.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті