Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 11 тамызда "Ватандошлар" қоғамдық қорын құру туралы жарлыққа қол қойды. деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ресми мәліметке қарағанда, қордың мақсаты - "шетелде тұратын отандастарды тарихи отаны төңірегіне біріктіру, олардың жүрегінде елге деген мақтаныш сезімін нығайту, ұлттық ерекшелікті сақтау, отандастар мен олар құрған түрлі білестіктерді қолдау".
Қордың негізгі бағыттары да айқындалды. Қоғамдық қор шетелде тұратын отандастардың қоғамдық бірлестіктерімен әріптестік байланыс орнатады, оны нығайтады; шетелде тұратын отандастардың құқықтары мен еркіндігін қорғауға көмектеседі; шетелде қиын жағдайда қалған отандастарға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетеді; өзбек тілін, мәдениеті мен дәстүрін шетелде дамытуға және сақтауға қолғабыс етеді; шетелде тұратын дарынды отандастарға жағдай жасайды.
"Ватандошлар" қоғамдық қорының жоғарғы органы ретінде қамқорлық кеңесі бекітілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл кеңесті Өзбекстанның халық әртісі Шерәлі Жураев басқарады, оның орынбасары қызметін белгілі төреші Равшан Ирматов атқарады.
Қорды құруға қажетті 5 млрд сум ($470 мың) үкіметтің резерв қорынан бөлінеді.
Мәліметтерге қарағанда, қор Өзбекстаннан шығып, әлемнің жүзден астам елінде орныққан 10 миллионнан астам өзбекке, сонымен бірге олардың 170-тен астам мәдени орталықтарына қолдау көрсетеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел