Грузия биыл Ресейдің «Газпромынан» газ сатып алудан бас тартып, оның орынына Әзербайжанның «Сокар» компаниясымен келісім шартқа отырған.
Бұл жайында Грузияның энергетика министрі Каха Каладзе Грузия БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеген.
Бұған дейін Грузия өз аумағынан Арменияға Ресейдің газ құбыры өткені үшін "Газпром" газының 10 пайызын алатын болған. Енді 2018 жылдан бастап Тблиси бұл келісімді бұзып, Ресейден газ орынына қаржылай төлем алуға келіскен.
Грузия энергетика министрлігінің болжамы бойынша биыл Ресей көгілдір отыны Грузия тұтынатын газдың 4 пайызын ғана құрайды екен. Ал қалған 96 пайыз көгілдір отынмен Грузия халқын Әзербайжанның «Сокар» компаниясы қамтамасыз ететін көрінеді.
Естеріңізге салайық 2008 жылы Ресей Грузиядан Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тартып алғанан кейін, Тблиси мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас бұзылған болатын.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі