Өзбекстанда енді екпе ектірмеген қызметкерлер қызметінен қуылады. Президент Шавкат Мирзиеев бұндай шешімге жол беретін заңға қол қойды. Заң жобасы туралы Өзбекстан Парламенті мен үкіметінің «Ұлт ауазы» атты ресми басылымы бірінші болып хабар таратты.
Жаңа заңға лайықтап ӨР Еңбек кодексінің 113 бабына белгілі өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес елде жұғымтал індет тарап жатқан жағдайда профилактикалық вакцинадан өтпеген адамға жұмыс беруші жұмысқа кіргізбеуге, оны қызметтен қууға құқылы.
Бұған қоса, аталған кодекстің 28 бабынада өзгерістер енгізіліп, Өзбекстанның бас санитарының шешімімен қауіпті инфекциялар кезінде карантин шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, бас санитар шешімімен міндетті жаппай емдеу кіргізіледі.
Бұған дейін міндетті емдеуге Өзбекстан Республикасының заңы мүмкіндік бермей келген. Парламент депутаттары бұндай заң жобасын маусым айында қарап шықты.
Елде құрылған Коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы комиссия 17 шілдеден бастап білім беру, медицина тармағы, мемлекеттік қызметкерлер мен сауда орталықтарының жұмысшыларына міндетті емдеу жүктеді.