Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан ғана емес, биыл жыл соңына дейін Ирактан да өзінің әскери күштерін шегіндіріп кетпек. Бір күн бұрын АҚШ президенті Жо Байден осы шешімді жария етті. Дегенмен ол АҚШ пен Ирак үкімет күштері арасындағы ынтымақтастықтың жалғаса беретінін айтқан.
Президент Байден бұл шешімді жария етуден бұрын Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимимен Ақ үйде кездескен болатын. Ал, Ирактан әскер шегіндіру және одан кейінгі екі үкімет ортасындағы ынтымақтың жалғасуы жайында келіссөздер бұған дейін де жалғасып келе жатқан болатын.
Ирак жеріндегі ауқымды шегініс Трамп кезінде басталған. Қазір Иракта АҚШтың 2500 жауынгері «Ислам мемлекеті» террорлық тобының қалдық күштеріне қарсы операциялар жүргізуде. Негізіген Ирак қарулы күштерін жаттықтыру міндетін атқарып келеді.
Кей мәліметтерде Ирактағы америкалық әскерлердің саны өзгеріссіз сақталып қалуы мүмкін деген де сөздер айтылады. Бұл шешім Ирак премьер-министрін қоллдау үшін ғана жасалмақ. Анығында АҚШ үшін Ирак жерінде әскер ұстау барған сайын қиынға түсуде. Себебі, былтыр жыл басында АҚШ күштері Иран Революция сақшылар корпусының генералы Қасым Сүлеймени (Касем Сулаймани) және Ирактағы Иран қолдаған шиіт мұсылмандарның лидерін өлтіргеннен кейін Ирак жерінде әскер ұстау үлкен проблемаға айналды. Себебі, Иран мен өзге де шиіттік күштер тарабынан келетін қауіп барған сайын күшейді.
Ирактың саяси партиялары да түрлі қауіпке қарамастан елден барлық шетелдік қарулы күштердің шығып кетуін талап ете басатады. Бұл АҚШ қолдауындағы қазіргі үкіметті де тығырыққа тіреуде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі