Қазақстанда коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 610 мыңға жақындады, оның 126 мыңы тек шілде айында тіркеліп үлгерді. Осы айдағы эпидахуал динамикасына қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен көз жұмғандарды есептемегенде тіке ковидтен 1428 қазақстандық (КВИ+ 1220, КВИ- 208) өмірден өткен. Екі аптадан бері тоқтаусыз өсіп жатқан аурушаңдық 5-6 мыңның үстінде тұр. Дүйсенбіде 92 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 27 шілдеде коронавирус (КВИ+) жұққан 6925 адам, ал 26-сы коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққан 324 адам тіркелді. Қазір елде 89 мың адам (КВИ+ бойынша 87 мың, КВИ- бойынша 2 мыңнан аса) ауырып жатыр.
#COVID Өткен күні ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастар қатары тағы артып, шілде айындағы VII рекордын жаңалады. Әр өңірде жүзден кем емес жағдай тіркеліп, бұрын-соңды болмаған деңгейге өсті. Олардың басым бөлігі әдеттегідей астана (1531), Алматы қаласы (1250) және Қарағанды облысында (920) тіркелді. Бұдан өзге Атырау (430), Шымкент (421), ШҚО (312), Маңғыстау (267), Павлодар (225), Алматы (220), Қостанай (213), Ақмола (210), БҚО (197), Ақтөбе (191), Қызылорда (150), Жамбыл (137), СҚО (134), Түркістан (117) облыстарында дерт үдеп тұр. Осы сейсенбіде аурудан айыққан 5096 адам үйіне шығарылған. Дүйсенбіде жиыны 81 адам қайтыс болған.
#COVID_пневмониясы 26 шілдеде ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 324 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, дүйсенбі күні сырқаттар астана, Жамбыл (әрқайсында 46-дан), Атырау (45), Шымкент (41), Маңғыстау (32), Қостанай (23), Алматы (21) облыстарында көптеп анықталған. Сонымен қоса, 97 адам айығып шыққан, тағы 11 адам көз жұмған.
#Жалпы ДенМин дерегіне қарағанда, емделіп жатқан 89 мыңнан аса науқастың 24 мыңы ауруханада, 64 мыңы амбулаторлық бақылауда. 1,5 мың науқастың жағдайы нашар, ондағы 319 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 160 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
Эпидкартада кейінгі бір апта бойы «сары аймақта» южалғыз тұрған Түркістан облысынан басқа барлық өңір (үш мегаполисті қоса алғанда) «қызыл аймақта» тұр.
ДенМин хабарынша, 1 шілдеде ПТР скринингі негізінде 414 сынама жүргізілген. Сәйкесінше, барлық үлгінің 48,3%-ынан Қазақстанның түгел аймағынан үндістандық «Дельта» штамы анықталған. Үкімет мәліметінше, биыл көктем-жазда геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық, оңтүстікафрикалық және үндістандық штамдары анықталған.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 550 мыңға жуықтады, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 60 мыңнан асты. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 610 мыңға таяды. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.
Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 11,6 мыңнан аса адам (КВИ+ / U07.1 – 5619, КВИ- / U07.2 – 3660, ілеспе аурулардан – 2367) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 42-орында тұр.
Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 3 млн 436 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған.