 
                                    Pfizer фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы қажет деген мәлімдеме жасады.
Компания мамандары індеттен қорғану деңгейін арттыру үшін үшінші компонент қажет десе, АҚШ ғалымдары мұнымен келіспейді. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы, сондай-ақ азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі орталық өкілдері «екпенің үшінші дозасын салуға асықпаған жөн дейді.
Осы аптадан бастап Израильде иммундық жүйесі әлсіз тұрғындар екпенің үшінші дозасын қабылдайды. Израиль пандемияны жеңген елдер қатарында болғанмен, «Дельта» штамының тез тарауына байланысты демалыс күндері елде індет жұқтыру деректері артқан. Бірақ әзірге үшінші компонентті тек иммундық жүйесі әлсіз ересектер салдыра алады.
9 миллионнан аса халқы бар Израильде екпенің қажетті екі компонентін тұрғындардың 56%-дан астамы алып қойған. Жалпыхалықтың вакцина жөнінде мәлімдеме жасаған Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет:« Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла мырзамен телефон арқылы келіссөз жүргізіп, Израильге вакцинаның келесі партиясын жеткізу туралы келістік. Уағдаластық бойынша препарат 1 тамызға дейін әкелінуі тиіс. Енді елімізде екпенің тұрақты қоры болады», – деді.
Коронавирустың «Дельта» штамы аз уақыт ішінде әлемнің жүзге жуық еліне тарап үлгерді. Сарапшылар вакцина вирусты жұқтырудан 100% қорғамаса да, індеттің ауыр формада өтуінен сақтайды. Бустерлік дозадан кейін стандартты екі компонентпен салыстырғанда 5-10 есе көп антиденелер қалыптасады. Дегенмен кей сарапшылар екпенің үшінші дозасын енгізу халықтың билікке және медицинаға деген сеніміне сызат түсіреді дейді.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді