Қырғызстан үкіметі Ауғанстаннан келетін қауіптен алаңдап отыр. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік комитет жетекшісі Қамшыбек Ташиев кеше арнайы мәлімдеме барысында Ауғанстаннан келетін босқындар мен түрлі экстремистік топтардың сын-қатері артып келе жатқанын атап өтті.
К.Ташиев сөзінде Ауғанстаннан коалиция күштерінің шегініп кетуі «Ислам мемлекет», «Жамағат таухид уәл-Жиһади», «Түркістан Ислам қозғалысы» секілді халықаралық террорлық топтардың елдегі белсенділігін арттырып, Орта Азияға оның ішінде Қырғызстанға бағытталған іс-қимылдары активті деңгейге көтерілгенін атап өткен.
Қазір Өзбекстан мен Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында қауіптің ашыққа шыққанына тоқталған Ташиев: «Мұндай қауіп біздің елде де болмай қоймайды. Сондықтан, біз де Орта Азиядағы өзге елдер секілді Ауғанстаннан келетін қауіпке дайындалудамыз», – деген.
Қырғызстан мен Тәжікстан ортасындағы шекара жанжалы және оның қақтығысқа ұласып кетуі Ауғанстанда белсенділігін арттырып жатқан террорлық топтардың назарын өзіне аударды. Бұл қырғыз-тәжік қана емес, тұтас Орта Азия өңірлік қауіпсіздігі үшін де аса бір мән беруге тиісті мәселеге айналған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?