Президент Жо Байденнен 11 қыркүйекке дейін елден шегініп шығу бұйрығын алған Ауғанстандағы АҚШ күштері елдегі азаматтық соғыс қатеріне қарамастан әскери шегіністің қарбаласында. АҚШ әскерлері елдегі аса маңызды болған Баграм әуе базасын тастап кеткен. Тіпті, маңызды базадан шегініп кеткенінен Ауғанстанның қауіпсіздік күштері де бейхабар қалған.
Ауған қауіпсіздік күштерінің генералы Асадулла Кохистанидың ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарағанда, АҚШ әскерлері Баграмдағы базадан дүйсенбі күні түнгі сағат 03:00 шамасында шегініп кеткен. Ауған үкіметтік күштері бірнеше сағаттан кейін ғана маңызды базаның бос қалғанынан хабар тапқан.
АҚШ әскерлері түн жамылып тастап кеткен Баграм базасы елдегі аса маңызды әскери базалардың бірі. Оның үстіне Баграмда 5 мыңнан астам тәліптер қамалған түрме де бар. Қазір «Талибан» қозғалысының қарулы күштері Багдамға шабуыл жасауы мүмкін деген қауіппен Ауғанстан Қауіпсіздік күштері соғыс даярлығында тұр.
Кеше, Пентагон таратқан мәлімдемеде, ауған жеріндегі АҚШ әскері 90 пайызға жуық шегініп болғаны айтылды. Ал, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери қолбасшысының өкілі Баграмнан әскери эвакуация жасау туралы Ауғанстан президентімен алдын ала келісілгені жөнінде айтқан.
Ауғанстаннан АҚШ және НАТО әскерлерінің шегінуіне ілесе "Талибан" ұйымы елдегі бақылау аумағын кеңейтуге тырысуда. Көптеген провинция орталықтарын басып алғаны туралы хабарлар тарауда. Дегенмен, Ауғанстан қауіпсіздік күштері бар күштерін салып әкімшілік орталықтарды кері қайтарып алуға тырысуда.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі