Шілденің 6-сы, астана күніне орай Алматыдағы Балуан Шолақ сарайы маңында билікке қарсы митинг өткізу мақсатында жиналған тіркелмеген «Демпартия» ұйымның белсенділерін полиция қоршап алды.
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай түскі сағат 12:00-де өз жақтастарымен бірге Абай мен Байтұрсынұлы көшесінің қилысында билікке талаптарын айта бастаған сәтте полиция мен прокуратура өкілдері ескерту жасады. Олар Мамай бастаған топқа өткізіп жатқан акциясы заңсыз екенін айтты. Ескертуді елемеген наразы топ шерулете бастағанда оларды полиция жасағы жан-жағынан қоршап алды.
Қоршауда қалған наразы топ өз талаптарын айтып жатыр. Олар «Назарбаев, кет!», «Қытай зауыттары салынбасын!» деп ұрандатты.
Балуан Шолақ сарайының маңында интернет бұғатталған, байланыс та нашар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы