Моңғолиядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Ухнаагийн Хурелсух ант қабылдап, мемлекет басшысы ретінде қызметіне кірісті. Бұл туралы МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.
Ресми шарада Хурелсух: «Мен Моңғолияның тәуелсіздігін, егемендігін, бостандығын және ұлттық бірлігін қорғауға, конституцияны сақтауға және президенттің міндеттерін адал орындаймын», – деп ант қабылдады.
9 маусымда Моңғолияда президент сайлауы өтті. Оған сайлаушылардың 69%-ы қатысты. Сайлауда қаззіргі президент Хурэлсух 67,6% дауыс жинаған. Ал парламенттің бұрынғы депутаты, «Шыншыл адам – электорат» коалициясының өкілі Дангаасурэнгийн Энхбатқа сайлаушылардың 20,2%-ы, оппозициялық бағыттағы демократиялық партияның бұрынғы басшысы Содномзундуйн Эрдэнге шамамен 6%-ы дауыс берген.
52 жастағы Ухнаагийн Хурелсух бұған дейін Моңғолияның премьер-министрі болған. Ол өткен жылы пандемия кезінде елдегі денсаулық сақтау жүйесіне қарсы наразылықтар кезінде қызметінен кетті.
Моңғолияда осымен сегізінші рет президент сайлауы өтті. Бұған дейін сайлау 1993, 1997, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017 жылдары болған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?