Шу өзенінің жағасы талапқа сай бекітілмегендіктен Қырғызстан 800 гектар жерінен айрылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
"Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасын анықтап тұрған Шу өзенінің жиегінде дамбалардың жоқтығынан, дарияның жағасын су шайып, оның арнасы жыл санап Қырғызстан аумағына кіріп жатыр. Қазір жұмыс белсенді жүріп жатыр. Президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауында", - деді Ажикеев.
Былтыр наурыз айында Шудың Кемин ауданында Чым-Коргон ауылының бірқатар тұрғындары Шу өзенінің арнасы бұзылып, шекара сызығы өзгергенін айтып шығамданған.
Сол кезде Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі Чым-Коргонға жақын Шу өзені арқылы өткен қырғыз-қазақ шекара сызығы орнында тұрғанын айтып, жергілікті тұрғындардың "су арнасы бұрылып, жер телімі Қазақстанға өтіп кетті" деген мәліметті теріске шығарған.
Қырғыз-қазақ шекарасының бірқатар бөлігі Шу өзенін бойлап өтеді. Екі тараптың шекара сызығының жалпы ұзындығы 1257 шақырым. Шекараны демаркациялау туралы келісімге 2017 жылдың 25 желтоқсанында қол қойылған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы