Ұлыбританияның Еуроодақтан бас тартуы, британдықтардың шетел паспорттарына деген «қызығушылығын» арттырды деп хабарлайды «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты. Ирландия Сауда және сыртқы істер департаментінің 15 сәуірдегі хабарына қарағанда, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Ұлыбритания азаматтарынан Ирландия паспортына өтініш бергендердің саны былтырғыдан 68 пайызға көбейген.
Аталған департаменттің көрсеткен мәліметіне сүйенсек, қаңтар айнан наурызға дейінгі мезгілді 51000 британдық азамат Ирландия төлқұжатына өтініш берген. Ал өткен жылғы ұқсас мезгілде 30300 адам осындай өтініш жасаған болатын.
Ирландияның Сауда және сыртқы істер министрі Чарльз Фланаган «Guardian» басылымына берген жауабында бұған Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуы тікелей себеп болған. Ол сөзінде: «Бұл қалыптасқан үрдіске, Ирландия мен Англия арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың да өзіндік ықпалы бар. Ирландиялық басым көп санды азаматтар әлі күнге дейін Еуропалық Одақтың мүшесі болуларын қалайды», – деді.
Өткен жылдың маусым айында халықтық дауысқа сауал арқылы 52 пайыз басым дауыспен, Ұлыбритания үкіметі ЕО-дан бас тартуға шешім қабылдаған болатын. 29 наурызда Еуроодақтан ресми бас тарту хатын ұсынды. Сонымен Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығу процесі ресми жүріле бастаған болатын. Ал, бүгінгі мәліметке сенер болсақ, ЕО-дан бас тартуды қаламаған 48 пайыз халықтың басым бөлегі ирландиялықтар болып отыр.
The Qazaq Times