«Яндекс.Такси» компаниясы «сервис Қазақстан аумағында бұғатталады» деген ақпараты жоққа шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kapital.kz сайты хабарлады.
«Бұл сот шешімі «Яндекс.Такси» жұмысын бұғаттамайды. Біздің сервис жұмыс істеп тұр және жұмысын жалғастырады. Патенттік дауға қатысты компания апелляциялық шағым түсірді» делінген компания баспасөз қызметінің Kapital.kz-ке берген жауабында.
Бұған дейін «Яндекс. Такси» мен «G-Taxi» қызметінің арасында тапсырыс ресімделетін ақпараттық жүйені пайдалану патентіне байланысты дау шығып, іс сотқа дейін жеткен. Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Яндекс.Такси» тапсырыс беру жүйесін қолданған кезде патенттік құқықты бұзғаны үшін істі шағымданушы «G-Taxi» қызметінің пайдасына шешкен. Ол бойынша сервис қызметі Қазақтан аумағында тоқтатылатын болған. Алайда сот шешімі күшіне енбеген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы