Бүгін Израильдің жаңа президентін сайлау ел Парламенті саналатын Кнессетте өтеді. Шілденің бірінші онкүндігінде сайланған кандидат Ревен Ривлиннің орнына келеді және еврей мемлекетінің 11-ші басшысы болады.

Президенттікке екі кандидат бар. Бұл 2018 жылдан бастап Израильдегі «Сохнут» еврей агенттігінің жетекшісі Ицхак Герцог және ел тарихында президенттікке екінші әйел кандидат Мириам Перец. 2018 жылы ол «Израиль рухын нығайтуға» қосқан үлесі үшін марапатталған.

Қазіргі президент Ревен Ривлиннің өкілеттік мерзімі 9 шілдеде аяқталады. Заң бойынша оның мұрагерін сайлау осы күнге дейін 30 күннен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Израильде президенттік өкілеттікті орындаудың жеті жылдық мерзімі белгіленген. Мұнда мемлекет басшысы лауазымын екі рет атқаруға болмайды. Егер депутаттардың төрттен үш бөлігі импичмент үшін дауыс берсе, парламент президентті қызметінен шеттете алады.

Заң бойынша президенттікке кандидаттарды 19 мамырға дейін депутаттар ұсына алады, олардың әрқайсысы кемінде 10 парламентшінің қолдауына ие болуы керек. Президентті Кнессет жасырын дауыс беру арқылы жеті жылдық мерзімге қайта сайлау құқығынсыз сайлайды. 61 дауыс жинаған кандидат жеңіске жетеді.

Қажет болған жағдайда екінші тур өткізіледі, оған бірінші турда ең көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Егер кандидаттар екінші турда бірдей дауыс санын жинаған болса, онда қайта дауыс беру өткізіледі.

Израиль президенті заң бойынша Кнессет депутаттарының біріне парламенттік сайлау қорытындылары бойынша үкімет құруды тапсырады, сондай-ақ өкілдік функцияларды орындайды. Қабылданған заңдарға қол қояды және кешірім жасауға құқылы.

"The Qazaq Times"