Ливиядағы ахуал бойынша Берлин конференциясы 23 маусымда екінші мәрте өтеді. Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Берлин процесінде талқыланатын тақырыптарды бекітті.
Былтыр 19 қаңтарда Берлинде мемлекет және үкімет басшылары қатысқан жиында Ливиядағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланған. Қорытынды құжатта жиын қатысушылары атысты тоқтатып, «5+5» комиссия құруға шақырды, Ливия істеріне араласудан бас тартуға уәде берді, біртұтас үкімет құруды және мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін реформа жасауды ұсынды.
Соңғы уақытқа дейін Ливияда екі атқарушы орган – Триполидегі Сарраж ұлттық келісім үкіметі және уақытша үкімет. Өткен жылдың 23 қазанында Женевада аталған екі органның құрамаларынан бес әскерден құралған «5+5» форматындағы комитеттің қатысушылары атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Нәтижесінде, ақпанның басында БҰҰ-ның делдалдығымен өткен келіссөздерден кейін бірыңғай үкіметтің премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба және ЛивияпПрезиденттік кеңесінің үш мүшесі сайланды. Екі билік 15 наурызда ант беріп, Триполиде қызметін бастады. Олардың басты міндеті – бүкіл ел бойынша бытыраңқы билік құрылымдарын біріктіру, президенттік және парламенттік сайлауды өткізу.