Сеулдің Рёнхап ақпараттық агенттігі ел билігінің ресми ақпаратына сәйкес келесі аптада АҚШ Оңтүстік Кореяға үш авиаматканы (ұшақ тасымалдайтын кемелер) жеткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады.
Ресми ақпарат көздерінде: «АҚШ біздің билікпен авиаматканың ұрыста қолданылуы бойынша оқыту жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастырып жатыр» - деп, айтылған болатын. Келер аптаның басында Жапон теңізі арқылы «Карл Винсон» авиаматкасынан бөлек "Рональд Рейган" (CVN 76) мен "Нимиц" (CVN 68) атты ұрыс ұшақтарын тасымалдайтын кемелер жүзіп келетіндігі белгілі болды.
АҚШ бұл әркетімен Солтүстік Кореяға төтеп бере алатындығын жеткізу мақсатында Оңтүстік Кореяны қорғаныс және соғыс техникасымен барынша қолдау көрсетуді көздеп отыр.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы