Палестина мен Израиль ортасында қайта тұтануға шақ қалған соғыс қауіпі азда болса сейілді. Тараптар Мысырдың ара ағайын болуымен оқ атуыспау туралы шартқа қол қойды. Дегенмен, екі ел ортасындағы қайшылық сол күйінде қалды. Осы тұтса әлемнің көптеген елдерінде Израильдің Палестинаға шапқыншылығын айыптаған шерулер өтуде.
Палестинаға қолдау көрсеткен шерулер демалыс күндері Америка Құрама Штаттарының бірқатар ірі қалаларында болды. Нью-Йорк қаласындағы үлкен алаңда өткн шеруде Палестина тулары көтеріліп, "Палестинаға бостандық", "Газаға бостандық" ұрандары айтылды. Шерушілер Израиль мен АҚШ билігінің әрекетіне наразылықтарын білдірді.
Израильдің Палестина жеріне шапқыншылығы және Шығыс Иерусалимдегі, әл-Ақса мешітіндегі әрекеттерін айыптаған шерулер Германия орталық қаласы Берлинде де дабыралы өтті. Онда да Израильдің басқыншылық әрекеттерін тоқтату, "Газа сынды үлкен түрмені босату" талаптары айтылды.
Израиль мен АҚШ әрекетін қатар айыптаған шерулер демалыс күндерінде Британия, Франция, Нидерланд, Тунис, Иордания қатарлы елдерде де болды.
Екі аптаға жуық жалғасқан қақтығыстан Палестинада 232 адам көз жұмды, оның 104-і әйелдер мен балалар.