Францияда Николя Саркозиге кезекті мәрте сотқа шақырылды. Экс-президентке 2012 жылғы сайлауалды науқанды қаржыландыру ережесін бұзды деген айып тағылған.
Саркози сот отырысына келген жоқ және өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды. Ұлттық қаржы прокуратурасы былтыр желтоқсанда Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті (олардың екеуі шартты түрде). Прокуратура өзінің бұрынғы адвокаты Тьерри Эрзог пен Конституциялық соттың бұрынғы судьясы Гилберт Азиберге де осындай жаза қолдануды талап еткен.
2013 жылы сот Саркозиді жемқорлық ісі бойынша ақтап шығарған. Бірақ басқа істі тексеру кезінде оның адвокатпен әңгімесі жазылып, экс-президентке қарсы жаңа айғақтар пайда болған. 2017 жылы да Николя Саркозидің басы дауға қалған. Сол жылы Саркози «FIFA жемқорлық дауының белді қатысушыларының бірі» деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, ол 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу мәртебесін Катарға жеңіп алуға көмектескені үшін бірнеше заңсыз қаржы операцияларын жасаған. FIFA жемқорлық дауын тексеруші топтың зерттеулері бойынша, Николя Саркози Катарға ПСЖ (Пари Сен-Жермен) футбол клубын, Qatari Diar инвестициялық компаниясына франциялық коммуналды қызмет түрлерін көрсететін компанияны сатқан.
Бұдан бөлек FIFA басшылығы бұған дейін де Францияның экс-президентін жемқорлыққа бару арқылы Катарға 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңуге көмектесті деп айыптаған болатын.
Николя Саркози 2007 және 2012 жылдар аралығында Франция президенті болған. Ол 2012 жылғы президент сайлауында екінші турда Франсуа Олландтан жеңіліп, екінші рет мемлекет басшысы болу мәртебесінен айырылды.